Аймақтар • 13 Қаңтар, 2026

Атырауда жоғалған отбасы: Күйеу баласы мен қызына халықаралық іздеу жарияланды

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысындағы Жангелдин ауылының тұрғындарын өлтіру дерегі бойынша күдіктіге, жәбірленуші отбасының 30 жастағы қызына халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда жоғалған отбасы: Күйеу баласы мен қызына халықаралық іздеу жарияланды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің дерегіне қарағанда, ерлі-зайыптының өліміне қатысты қылмысқа Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны күдікті ретінде танылып отыр.

«Ерлі-зайыптының қызы мен баласы із-түзсіз жоғалу дерегімен іздестіріліп жатыр. Ал күйеу баласына ел аумағында болмауына байланысты халықаралық іздеу жарияланды. Күдіктінің әйелі – мүрдесі табылған ерлі-зайыптының қызы із-түзсіз жоғалған. Оны іздеу қолға алынды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желіде ерлі-зайыптының 1990 жылғы қызы Мирамгүлдің мүрдесі табылды деген ақпарат тараған еді. Алайда, департаменттің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Ерлі-зайыптының мүгедек қызының көше камерасына түскені рас. Полиция қызметкерлері бұл деректі тексеріп, зерделеу жүргізіп жатыр. Мұндай деректің бәрі сотқа дейінгі тергеу материалдарына тіркеледі», деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметінен.

Атырау облысында бір отбасы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Еске салайық, із-түзсіз жоғалып кеткен атыраулық ерлі-зайыпты жер қойнына тапсырылды.

Кейінірек, жоғалған отбасының қызы мен баласын сүңгуірлер іздеп, таба алмағаны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар